ТҮРКІСТАН: 200-ден астам көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті

0
2 636

44 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті.


ТҮРКІСТАН: 200-ден астам көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті

Кентау қаласында 205 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласы бойынша 368 көпқабатты тұрғын үй (қалада – 334, ауылдарда – 34) бар.

2015 жылы 5 қабатты 1 үй және 2018 жылы 5 қабатты 2 үй, 2019 жылы 5 қабатты 5 үй, жалпы 8 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. Аталған 8 көпқабатты тұрғын үй коммуналдық меншіктегі арендалық үйлер. 2014 жылы 9 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары күрделі жөндеуден өткен.

Бұдан басқа, 2017 жылы ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлер, 2019 жылы 44 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті.

Жалпы 2014-2019 жылдар аралығында Кентау қаласы бойынша 79 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.

Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 132 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда оның 126 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі құрылыс жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан өз қаражаты есебінен жүргізілді. Жалпы 2017-2020 жылдар аралығында Кентау қаласындағы 205 көпқабатты тұрғын үй бағдарлама аясында жөндеуден өтті. Қалған үйлердің құрылысы 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.