ТҮРКІСТАН: 75 жастағы қария «Алтын формуляр» иегері атанды

0
1 001

«Әдеби финал» семинары қорытындыланды.


ТҮРКІСТАН: 75 жастағы қария «Алтын формуляр» иегері атанды

Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында 2022 жылғы «Әдеби финал» семинары қорытындыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық деңгейдегі шараға аудандық, өңірлік кітапхана басшылары мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапхана үздіктері мен «Алтын формуляр» иегері, оқырмандар арасынан үздіктер анықталып, түрлі номинация бойынша марапаттар тапсырылды.


Атап айтсақ, «Әдеби финал» семинарының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 100 кітап оқып, көптің ішінен оза шыққан Өтеген Ысқақұлы қария 2022 жылдың «Алтын формуляр» иегері атанды. Сонымен қатар «Үздік оқырман отбасы» номинациясына - 2-сынып оқушысы Бекнұр Нұржанұлы, «Кітапхананың тұрақты үздік оқырманы» номинациясына - Шерхан Саматұлы, «Ерекше мүмкіндікке ие оқырман» номинациясына Қымбат Советханқызы ие болды. Барлық жеңімпазды аталмыш кітапхана директоры Жанат Шардарбекова арнайы құттықтап, оларға статуэтка және қаржылай сыйлық табыс етті.


Кеш соңында барлық кітапхана директорының қатысуымен «Директор BATTLE» сергіту ойыны өтті.