ТҮРКІСТАН: "AI көмегімен сайттар жасау" туралы Workshop өтті

0
290

Астанада “Жасанды интеллект” ұлттық орталығы іске қосылады деп жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысында цифрландыру, IT, интернет саласын дамыту бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс»екендігін айтқан болатын. Осы ретте Түркістан облысында цифрландыру, IT, интернет саласын дамыту бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.


Turkistan hub-та облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен "AI көмегімен сайттар жасау" туралы Workshop өтті. Воркшопта Алматы қаласындағы Халықаралық IT Университетінің (МУИТ) түлегі спикер Мұхамеджан Бөрібек эксклюзивті мастер-класс көрсетті.


“Бүгінгі іс-шарада кәсіби сайттарды жасанды интеллекттің көмегімен жасау әдістері айтылды. Ақылды құралдармен код жазу әлемін білуге болады. Сондай-ақ сайтты бірегей ететін әсерлі анимацияларды қалай жасау керектігін түсіндірдік. Воркшопқа заманауи технологиялар туралы көбірек білгісі келетін тәжірибелі жастар жиналды сөзсіз”, - деді спикер.


Айта кетейік, келесі жылы Астанада “Жасанды интеллект” ұлттық орталығы іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер алаңына айналмақ.