ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасының үйі күрделі жөндеуден өткізілді

0
640

Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарды жан-жақты қолдау.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасының үйі күрделі жөндеуден өткізілді

Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының тұрғындары «Қамқорлық» бағдарламасына ризашылықтарын білдіріп, сәтті жүзеге асуына тілектестік танытуда. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бастау алған бұл бағдарламаныңмақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарды жан-жақты қолдау.

Аталған бағдарламаның шарапатын Төлеби ауданының тұрғындары да көруде. Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылында тұратын әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж Ұлықбек Құрманбаевтың үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Алатау ауылдық округі әкімі аппараты және «Мәуліт» мешітінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Баспаналары жаңарған отбасы демеушілік жасаған «Мұғжиза» қайырымдылық қоры мен жас кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.

Төлеби ауданында тұрмыстық жағдайлары өте төмен, қиын жағдайдағы жалпы 86 отбасы анықталып отыр. Соның ішіндееңбекке қабілетті 57 жұмыссыз азаматтардың ішінде 9-ы тұрақты жұмыспен қамтылып,5 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал1 азамат кәсіпкерлік грантқа құжат тапсырды.

Сондай-ақ «Біргеміз!» акциясы аясында аз қамтылған 1272 отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік берілді.