ТҮРКІСТАН: Арыста жеміс бағы жайқалып жатыр

0
875

Жобаны жүзеге асыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Арыста жеміс бағы жайқалып жатыр

Арыс өзені жанындағы 13 гектар аумақты жеміс бағына айналдыру бойынша тапсырма берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында көгалдандыру-абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова қалаға кіреберіс Арыс өзені жанындағы 13 гектар аумақты жеміс бағына айналдыру бойынша тапсырма берген еді.


Жобаны жүзеге асыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері аталған аумаққа алма, жаңғақ, тұт секілді жеміс ағаш көшеттерін отырғызуды бастап кетті. Бұған дейін бұл жерге ағаштарды күтіп-баптау мақсатында автоматтандырылған суғару жүйелері орнатылып, су ұңғымалар қазылған. Енді, көктемгі ағаш отырғызу маусымында өрік, алмұрт, шие, алқоры сынды басқа да жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр.


Жалпы, Арыс–Шымкент, Арыс–Шардара тасжолы жиегін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтижесін берді. Бір кездері жазық жатқан далаға жан бітіп, жасыл желек көз қуантуда. Енді, жанға сая болар тал-дарақтармен бірге Арыстың өз жеміс бағы болады.