ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 17 шілдеде басталады

0
915

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 17 шілдеде басталады

Түркістан облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырады.


17 шілдеден бастап әр сенбі сайын Түркістанда сағат 9:00-ден 15: 00-ге дейін "Эко-Базар" әмбебап сауда базарының аумағында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімді базар бағасынан 10-15% - ға төмен бағамен сатып ала алады. Аталған жәрмеңкеде Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Бәйдібек, Сауран, Жетісай, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Кентау және Арыс қалаларының 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.


Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін "Эко-Базар" әмбебап сауда базарына №1, 14, 15, 18 және 30 бағдарлар бойынша қоғамдық көлік қатынайтын болады.