35 мекеме толықтай қамтылған.
Түркістан облысына Біріккен Араб Әмірліктерінен келген көмек ауруханаларға табысталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының барлық 35 медициналық мекемелеріне әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмек таратылып жатыр. Жүктің ішінде қажетті дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш заттары, медициналық бетперде, қолғап, антисептикалық құралдар бар. Көмек COVID-19 вирусына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлер мен емделушілерге беріледі.
Осы орайда Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген қайырылымдылық жүгін арнайы мониторинг тобы мен «Сарыағаш-адалдық алаңының» өкілдері қарсы алып, қабылдап алған. Және де БАӘ тарапынан індетті тоқтату мақсатында жіберген көмекті діттеген жеріне жетуін қамтамасыз еткен.
Атап өтсек, індет тараған кезден бастап Түркістан облысына ҚХР, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елдерден, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымдардан гуманитарлық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар қоры жеткілікті.
Бүгінде облыс аумағында карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынған.