ТҮРКІСТАН: Білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шара өткізуге болмайды

0
698

Мереке қарсаңында карантиндік талаптарды сақтау қажет.


ТҮРКІСТАН: Білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шара өткізуге болмайды

«Омикрон» штамы жасөспірімдер мен балаларға жиірек жұғып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда «Омикрон» штамы әлемнің 80-нен астам елінде тіркелген. ДДСҰ мәліметтері бойынша жаңа инфекция жасөспірімдер мен балаларға жиірек жұғуда. Осыған байланысты Жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде карантин режимі талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл туралы облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.


«Нысандарда қатаң маскалық және дезинфекциялық режимді қамтамасыз етіп, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болуын қадағалау қажет. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Тек жекеленген сыныптар мен топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ ата-аналардың қатысуына тыйым салынады», - деді Нұрбек Садықбекұлы.


Сондай-ақ, «ASHYQ» жобасымен жұмыс істейтін нысандарда салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды 100 орыннан артық емес және 50%-дық толымдылықпен өткізуге рұқсат беріледі. «ASHYQ» жобасына қатыспайтын объектілерде салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.