ТҮРКІСТАН: Карантин талаптары күшейтіліп жатыр

0
717

Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі алдын алу режимі енгізілген.


ТҮРКІСТАН: Карантин талаптары күшейтіліп жатыр

Жетісай ауданында карантиндік жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде құрылған арнайы комиссия жұмысы қызу жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданы бас санитарының қаулысына сәйкес аудандағы эпидемиялогиялық ахуалды тұрақтандыру, қауіпсіздік шараларын сақтау, карантиндік жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде құрылған арнайы комиссия жұмысы қызу жүргізілуде. Комиссияның төрағасы, Жетсай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасына сәйкес пандемияға қарсы кешенді қауіпсіздік шаралары талапқа сай жоспар бойынша жүзеге асырылуда.

Аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі алдын алу режимі енгізілген. Барлық жұмыс орындарында қызметкерлердің дене температурасын өлшей отырып, қызуы көтерілген жағдайда, міндетті түрде жұмыстан шеттетілуде. Аудандағы аула клубтары, үйірмелер, компьютерлік клубтар мен ойынханалардың,жергілікті жерлерде ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, мәдениет үйі, стадион және өзге де адам көп шоғырланатын орындардың қызметтері белгіленгн уақыт аралығында ғана жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, коронавирус қаупіне қатысты мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралармен қатар, отбасылық тойлар мен адам көп жиналатын еске алу шараларына қатаң тыйым салынды. Аудан басшысының тапсырмасымен 20-ға тарта мобильді топтар құрылып, қала, кент, ауылдықокругтерде кезекшіліктер қойылуда.

Бүгінде мобильді топ мүшелері тәртіп пен талапқа бағынбай, адам өміріне қауіп төндіретін той мен жиын жасаған адамдарға айыппұл салу шараларының, барлық қоғамдық орындарда, мекемелерде, қоғамдық көліктерде жүйелі түрде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын түсіндіріп, рейдтік шараларын жүргізуде. Тексеріс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру ісі де аудан әкімінің назарында.