Жұмысты жыл соңында аяқтау жоспарланған.
Түркістан-Қарнақ бағытындағы жол жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Шымкендорстрой» ӨК ЖШС-гі тарапынан Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 0-21 шақырым аралықтарына (Бірлік, Қарашық, Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері аралығы) орташа жөндеуден өткізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған.
Былтырғы жылы жолдың 7 шақырымына ресайклерлеу және бірінші қабат асфальт (ірі түйіршікті) жабындысы және майда түйіршікті асфальт жабындысы төселіп, елді мекендерге 6,4 шақырым аяқ жол салынды.
Бүгінгі таңда жолдың қалған 14 шақырымын ресайкрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстарын жыл қорытындысымен толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.