ТҮРКІСТАН: Қазақстан–Америка экономикалық форумы бастау алды

0
610

Өмірзақ Шөкеев облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктері туралы презентация жасады.


ТҮРКІСТАН: Қазақстан–Америка экономикалық форумы бастау алды

Өмірзақ Шөкеев Қазақстан–Америка экономикалық форумына спикер ретінде қатысып, презентация жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл форум Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл толуына орайластырылған. Бүгін бастау алған Қазақстан-Америка экономикалық форумы 14-17 маусым аралығында онлайн форматта өтеді.


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан-Америка экономикалық форумына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының ірі бизнес және ұйымдардың басшылары қатысты.


Аталған форумда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев спикер ретінде қатысып, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктері туралы Форум қатысушыларына презентация жасады. Ауқымды шара барысында ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру, инфрақұрылым және цифрландыру, денсаулық сақтау және фармацевтика, энергетика және тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықтың трендтері мен перспективалары талқыланды. Бизнес-форумның мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық-инвестициялық әріптестік пен сауда ынтымақтастығын дамытуды нығайту.