ТҮРКІСТАН: Қазығұртта мәдениет үйі ашылды

0
844

Өңірде 4 мәдениет үйі ашылады.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта мәдениет үйі ашылды

Қазығұрт ауданында мәдениет үйі ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында 14 мәдениет нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде жалпы 1 кітапхана мен 9 мәдениет үйі тапсырылса, жыл соңына дейін Мақтаарал және Қазығұрт, Шардара аудандарында 4 мәдениет үйі ашылады.


Бүгін осы ретте Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шанақ елді мекенінде 200 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов арнайы барып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ айтулы іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасы мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Осылайша бірнеше жылдан бері тұрғындардың тілеуіне айналған мәдени ошақтың пайда болуы ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады.


Айта кетейік, Түркістан облысында 396 кітапхана, 251 мәдениет үйі мен клуб бар. Бұған дейін жалпы Қазығұрт ауданы бойынша 23 мәдениет нысаны, оның ішінде 7 мәдениет үйі бар болса, Шанақ ауылында сегізінші мәдениет үйі бүгіннен бастап ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта аталған ғимаратта кітапхана мен мәдени үйірмелер жұмыс істейді.