ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 70 шақырым жол жөнделеді

0
2 425

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 123 шақырымға жуық.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 70 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының ағымдағы жылғы жоспарында аудан тұрғындарының сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым, сонымен қатар, аудан аумағындағы жолдарды жаңарту басты назарға алынған. Аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы мың шақырымнан асады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 260 шақырым.

Биыл жолдардың жақсы және қанағанаттарлық жағдайдағы үлесін 90%-ға жеткізу көзделген. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 123 шақырымға жуық. 100 шақырымдай жол орта және ағымдағы жөндеуден өткен.

Бүгінде екі шақырымға жуық «KXSG-33 Бiрлiк – Косоткел» автомобиль жолы жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 80%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіш биыл едәуір артпақ. Елдімекендердегі ішкі көшелердің ұзындығы 700 шақырымнан асады. Оның 240 шақырымы орта жөндеуден өткен. Яғни, ішкі көшелердің 40% қанағаттанарлық жағдайда.

2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай ауылы және Ақтөбе ауылдық округіндегі ұзындығы 23 шақырымды құрайтын 16 ішкі көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен ұзындығы 16 шақырым 16 көшеге және бір аудандық маңызы бар автомобиль жолы жөнделді. Сонымен қатар, 23 шақырымға жуық алты ішкі көшеге шағал-тас төселген.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30 шақырымға жуық Ошақты және Біртілек ауылдық округіндегі 15 ішкі көшелерді орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл аудан бюджет есебінен ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 14 ішкі көшелерге және бір аудандық маңызы бар автожолына орта жол жөндеуден өтеді. Және ұзындығы 22 шақырым болатын 9 көшеге шағал-тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.