Аталған жол жөндеу жұмыстарын «ТММ Береке» ЖШС-сі жүргізуде.
Түркістан облысы, Келес ауданынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолы орташа жөндеу жұмыстарынан өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының А-15 «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығында (Қошқарата-Ақтөбе) 31 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстарына, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалының тапсырысымен, Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу арқылы «ТММ Береке» ЖШС-сі жеңімпаз болып анықталған.
Бүгінгі таңда жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан 2019 жылдың мамыр айынан жол жөндеу жұмыстарын бастап, аяқталуы ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған. Дегенмен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жұмысты тездетіп аяқтау мақсатында, яғни тамыз айында жүргіншілерге жағдай жасау үшін жұмысты жандандыруға атсалысуда. Апта сайын тиісті жауапты тұлғалармен бірге жұмыс басына барып, жұмыстың барысын өз бақылауына алды.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, жүргіншілерге облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай –Шардара» автомобиль жолымен айналма жол берілген.