ТҮРКІСТАН: Келестік театр республикалық байқауда бас жүлде иеленді

0
1 236

Аталған байқауға еліміздің 7 облысынан барлығы 12 ұжым қатысты.


ТҮРКІСТАН: Келестік театр республикалық байқауда бас жүлде иеленді

Тобыл өңірінде Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тобыл өңірінде қазақы қалжыңның хас шебері, «Қыр елінің Крыловы» атанған, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі өтті.


Аталған байқауға еліміздің 7 облысынан барлығы 12 ұжым қатысып, төрешілердің шешімімен Түркістан облысының атынан қатысқан Келес ауданындағы «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры бас жүлдені жеңіп алды.


Өнер додасына Қостанай, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар облыстарынан келген сатира әзілкештері қатысты.


Әзіл-сықақ театрларының байқау-фестиваліне төрелік еткендер қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ТТТ» театрының директоры, «Тамаша» ойын-сауық театрының белгілі актеры, кино актеры Асылбек Боранбаев, жазушы-сатирик, ҚР мәдениет қайраткері, «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Абылай Маудан және белгілі ұстаз-ғалымдар, өнер саңлақтары болды.


Еске сала кетсек, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен және Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен аталмыш шара осымен төртінші мәрте өтті.