Үш бөлмелі тұрғын үйді салуға 40-қа жуық түлек атсалысты.
Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің түлектері қайырымды істі қолға алып, бір отбасын қуанышқа бөледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің түлектері қайырымды істі қолға алып, бір отбасын қуанышқа бөледі. 1985-1986 жылғы ауыл азаматтары мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай осы игі істі бастауды жөн санап, тұрмысы төмен отбасына асарлатып үй салып берді.
Үш бөлмелі тұрғын үйді салуға 40-қа жуық түлек атсалысты. Жомарт азаматтар 2003 жылы Лесбек батыр елді мекенінде орналасқан №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Баспананың құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталып, қазір үй иелеріне табысталды.
Қуаныш иелері жомарт жүректі азаматтарға алғысын білдіріп, ақ тілектерін арнады.