Түлектер демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Келесте мектеп түлектері өздері оқыған білім ошағына жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданында мектеп түлектері өздері білім алған мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, аудан орталығы Абай ауылында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ауласына түлектер демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Келес ауданында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында елімізге қызмет етіп жүрген белгілі азаматтар білім алған. Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі - балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау.Сондықтан оқу ордасында жасалып жатқан қолдауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде. Демеушілерге өз атымнан да жеке алғыс айтқым келеді. Ауданымыздың басқа түлектері де білім ордаларына осындай қолдау көрсете білуі керек», - дейді аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев.
Айта кетейік, биыл Келес ауданындағы 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, жаңадан 3 мектептің құрылысы жүргізілуде.