Ұлттық бірыңғай тестке 1524 оқушы қатысты.
Кентау қаласында «Алтын белгі» иегерлері 40 пайызға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2020-2021 оқу жылының қорытындысымен Кентау қаласында 186 бітіруші «Алтын белгі» иегері атанды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты биылғы оқу жылының басым бөлігі қашықтан оқытылды. Дегенмен ақпараттық технологияларды қолдана отырып қашықтықтан оқыту, оқушылар мен мұғалімдердің білі мен білігін жаңаша дамытуға мүмкіндік берді.
Қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде 2020-2021 оқу жылында 2 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты аяқтаса, оның 1524-і Ұлттық бірыңғай тестке қатысты. Қашықтан оқытуға қарамастан мектеп оқушылары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Дәстүрге айналған жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасының үшiншi кезеңiне қатысу үшін Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектеп оқушылары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша пән олимпиадасына 44 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге қатысқан оқушыларымыздың 25-і жүлделі орынға ие болды. Ал, былтырғы оқу жылында 32 оқушы қатысып, оның 17-сі жүлделі орынға ие болған.