ТҮРКІСТАН: Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлер табиғи газға қосылады

0
597

Шаһарда ауыз су мәселесі де өте маңызды.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлер табиғи газға қосылады

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ кіргізуге бағытталған ауқымды жұмыстар басталмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентаудағы бұл маңызды мәселе жан-жақты сарапталуда. Шаһарда ауыз су мәселесі де өте маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына жұмыс сапарында баяндалды.


Жалпы, қалада су тазарту станциясындағы су тазартқышқа небәрі 3000-6000 куб аралықта су жиналады. Тұтынушылар санының артуына байланысты бұрыңғы су жинағыш резервуардан бөлек, 10 000 кубқа дейін су жинайтын жаңа су жинағыш резервуарын салуды және "Ақ бұлақ" бағдарламасына енбей қалған жеке сектордағы үйлерді ауыз суға қосу үшін құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға әзірленуде. Жұмыстар жүзеге асқан кезде қала тұрғындары толыққанды жаңа су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.


Сапар барысында өңір басшысы «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС күн электростанциясы құрылыс жұмыстарымен танысты. Шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.


Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Оның аясында аулаларға балалар ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс әкімі сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.