Кентау қаласы бойынша 376 көпқабатты тұрғын үй бар.
Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласы бойынша 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Жалпы 2014 жылы 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өтсе, 2017 жылы 35 көпқабатты тұрғын үй, 2019 жылы ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.
Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жоспарланған 132 көпқабатты тұрғын үйде күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген.
2023 жылға қалған 92 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының келісімі алынып, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім өткізілген. Аталған 92 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 55 көпқабатты тұрғын үйге республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қаржы қаралады деп көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда қаладағы Абылайхан көшесі №36 үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Дәл қәзір, тұрғын үйдің ішкі және сыртқы келбетін қыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалған 37 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы 2023 жылдың республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралмақ. Аталған қаржы қаралған соң күрделі жөндеу басталып, көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры жабылып, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылмақ.