ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ана мемлекеттік бағдарламаның пайдасын көріп отыр

0
670

555600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, шағын ауласында жұмысын бастаған.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ана мемлекеттік бағдарламаның пайдасын көріп отыр

Түркістандық ана мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсібін бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түлкібаста үй іргелік жерінде тамшылатып суғару әдісінің жемісін көріп отырған тұрғындар көп. Қазіргі уақыттың өзінде ауданда 31 тұрғын үй іргелік жеріне тамшылатып суғару әдісін енгізген.

Соның бірі көп балалы ана Жыланды елді мекенінің тұрғыны Айтбаева Гулбахира Абдуллақызы. «Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «тамшылатып суғару әдісі» және мал шаруашылығын дамыту бағытында 555600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, шағын ауласында жұмысын бастаған.

Алғашында көп балалы аналарға қолдау берілетінін естіген ол тез арада құжаттарын жинап, өтінім берген. Оның сөзінше несиені алғалы отбасының жағдайы едәуір түзеліп қалған. Алынған қаржының 200 мың теңгесіне «тамшылатып суғару құрылғысын», ал қалған қаржыға сауынды сиыр сатып алған.

Бүгінгі таңда тамшылатып суғару құрылғысын үй іргелік 10 сотық жеріне орналастырып, ол жерге қырық қабат, қызанақ, картоп, қияр, балгар бұрышын егіп, алған өнімімнен қысқа дайындауда. Ал, сауын сиырдан шығатын сүтті аудандық «Майлыкент-Сүт» ЖШС-ға өткізіп, пайда тауып отыр.