ТҮРКІСТАН: Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін бөлінген грантпен білім алуға болатын ЖОО белгілі болды

0
1 607

Түркістан облысына 1345 грант бөлінген​.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін бөлінген грантпен білім алуға болатын ЖОО белгілі болды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2020 оқу жылына арналған нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыспен жоғары оқу орындары белгіленіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мәдіханқызы айтып өтті.
Белгіленген жоғары оқу орныдарының ішінде «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» АҚ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағыХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Сырдария университеті, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ бар.
Грант қаражаты трансферт арқылы жергілікті әкімдіктерге беріледі. Олар өздерінің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтар тізбесін анықтап, конкурстық комиссия құрып, конкурс жүргізп грант береді. Конкурсқа қатысу үшін талапкер нысаналы топқа жатқанымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестінің шекті балын жинауы қажет.
Айта кетейік, Еліміз бойынша көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға 5000 грант тағайындалып отыр. Оның ішінде Түркістан облысына 1345 грант бөлінген. Талапкерлер тамыздың 5-10 аралығында конкурсқа тапсыру үшін құжаттарын өткізе алады.