Басқосуда қоғамның дертіне айналып отырған сыбайлас жемқорлықтың мәселелері сөз болды.
Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев аудандағы құзырлы орган қызметкерлерімен жиын өткізіп, бірқатар өзекті мәселелердің шешілу жолдарын талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Басқосуда бүгінде қоғамның дертіне айналып отырған сыбайлас жемқорлық мәселелерінің шығу себептері, оны болдырмау және алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылардың пікірлері тыңдалып, ұсыныс-тілектері хаттамаға енгізілді.
"Бүгін біз жемқорлықтың алдын алу жолдары мен тергеу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, құзырлы орган қызметкерлері жұмысының сапасын жақсарту жолдарын да талқыладық”,- дейді Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев.