ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ағынсу жеткізу мәселесі пысықталды

0
639

Шілде айының басында мақта дақылдарын суғару жұмыстары жүргізілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ағынсу жеткізу мәселесі пысықталды

Мақтаарал ауданының басшысы шаруаларға ағын су жеткізу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елдімекенінде орналасқан «Достық» магистралды каналының басында ағын су қауымдастықтарының басшыларымен кездесу өткізді.


Жиынға магистралды каналдың басшысы А.Жанботаев, «Қазсушар» РМК бөлімшесінің бастығы С.Тойтанов, ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандар және су таратыушы ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив басшылары қатысты.


Кездесу барысында аудан басшысы алдағы жазғы маусымда ағын судың тапшы болтаныдығын айта отырып, мейлінше қолда бар суды үнемді пайдалану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, кооператив басшыларына су беріп отырған барлық канал-қашыртқыларды ішкі жүйесімен берге тазалау керектігін тапсырды.


Бүгінгі таңда аудан аумағында ерте еккен бақша және күріш дақылдарын суғару жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың маусым айының соңында қауындарды суғару жұмыстары басталатын болса, шілде айының басында мақта дақылдарын суғару жұмыстары жүргізілетін болады.