ТҮРКІСТАН: Мобильді топтар карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауға алған

0
989

Санитарлық-гигиеналық тазалық ұстау және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертіп келеді.


ТҮРКІСТАН: Мобильді топтар карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауға алған

Түркістан облысында карантин режимі қатаң қатағалануда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемді жайлаған короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 5 шілдеден бастап 14 күнге созылған карантиндік шектеу шаралары енгізілген еді.

Осы орайда коронавирустың алдын алу мақсатында Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің жанынан арнайы 4 мобильді топ құрылған.

Сол мобильді топ мүшелері Ордабасы ауданына қарасты Қажымұхан, Қараспан секілді бірқатар ауыл округінде орналасқан сауда нүктелері, азық-түлік дүкені, базар және бөлшек сауда орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуына монторинг жүргізіп, бірнеше күнге созылатын карантин шектеулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, бетперде тағу, санитарлық-гигиеналық тазалық ұстау және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертіп келеді.

Сонымен қатар, Бас санитар жариялаған қаулыда көрсетілген шектеулерге байланысты жабылатын кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қайта ашып жұмыс жасайтын жағдайда айыппұл салынатынынан хабардар еткен.