ТҮРКІСТАН: Мобильді топтың жұмысына кедергі келтіретіндер көп

0
403

Жұмысын тоқтатып, есігін жапса да, тірлігін қайта бастап жатқандар кездесетін көрінеді.


ТҮРКІСТАН: Мобильді топтың жұмысына кедергі келтіретіндер көп

Сайрам ауданында карантин тәртібіне бағынғысы келмейтіндер азаймай отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты карантиндік шаралардың күшейтілетіні аудан кәсіпкерлеріне алдын-ала ескертілген.


Алайда, аудандағы Қарасу ауылдық округіндегі "Қарасу" демалыс аймағы шектелген жұмыс уақытына қарамай келушілерді қабылдаған. Одан бөлек, Аксукент округіндегі Қарабұлақ тас жолы бойында орналаскан “Даймонд” демалыс кешені де шектелген уақыттан тыс жұмыс істегені анықталды.Соған қарамастан, кәсіпкерлік нысан қызметкерлері тексерушілерге есігін ашпай, қарсылық көрсеткен.


Сондай-ақ, Сайрам аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңбұзушылыққа жол беретіндердің саны азаймай жатыр екен. Тіпті, мобильді топ көптеген нысандардың жұмысын тоқтатып, есігін жапса да, қайта бастап жатқандар кездесетін көрінеді.