Түркістан облысында 7 адам астан уланды

0
914

Кейбірі жиыннан алып келген тағамды бірнеше күн бойы ысытып жеген.


Түркістан облысында 7 адам астан уланды

Түркістан облысында жыл басынан бері 7 адам астан уланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2022 жылдың басынан бері астан уланудың 1 жағдайы тіркеліп, 7 адам зардап шеккен. Уланған азаматтардың сөзінше, олардың барлығы бір жерде қонақта болған және кейбіріжиыннан алып келген тағамды бірнеше күн бойы ысытып жеген. Сосын науқастарда жүрек айну, құсу, іш өту, іштің түйілуі сынды жіті ішек инфекциясы ауруының белгілері пайда болған. Оларға дер кезінде көмек көрсетіліп, өлім жағдайына жол берілмеді. Азаматтар арасында астан улану жағдайы, әсіресе жаз мезгілінде жиі орын алатын өзекті мәселелердің бірі болып отыр.


Атап өтсек, астан уланудың негізгі себептері мезгілінен өткен тамақтарды тұтыну. Дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер де улануға алып келеді. Сыртқы қабатында ішек инфекциясының қоздырғыштары қалғандықтан адам ағзасына қауіпті.


Сонымен қатар, Түркістан облысының сан-эпид бақылау қызметі«Ботулизм»ауруынан сақтануға шақырады. Ботулизм -технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды (саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс және жеміс тағамдары, сүрленген балық т.б)тұтынуданпайда болатынинфекциялық ауру. Уақытында дәрігерге қаралмаудың салдары өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін. Жалпы, 2022 жылдың басынанбері 6 түркістандық ботулизмге шалдыққан.


Сондай-ақ, жаз мезгілінде жиі орын алатын өзекті мәселелердің бірібақша өнімдерінен болатын уланулар. Яғни, ерте піскен қауын, қарбыздардың құрамында нейтрат мөлшері жоғары болып,шамадан тыс қосылған химиялық зат адам ағзасына кері әсерін тигізеді.


Сондықтан, көкөніс, жеміс-жидек пен бақшалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, рұқсат құжаттарын талап еткен жөн. Қауын, қарбыздыжабайы сауда, жол шетіндегі сауда орындарынаналмаған дұрыс. Өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын ауыр металдар жиналады.