Аталған жәйт ҚР ҚК-нің 198 «Авторлық және сабақтас құқықты бұзу» бабы бойынша СДТТА бойынша тіркеуге алынды.
Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлері «Контрафакт» жедел - профилактикалық іс-шарасы аясында авторлық және сабақтас құқықтар бұзылған 7 жәйтті тіркеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Контрафакт» жедел- профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты контрафакталық өнімдерді тарату, сақтау және даярлау жәйттерінің жолын кесу. Рейдтік іс-шаралардың нәтижисінде полицейлер пираттық өнімдер шығарланған жерлерді електен өткізді- олар: дукендер, сауда үйлері, базарлар мен өзге де тарататын орындар.
Мысалы, жедел - профилактикалық «Контрафакт» іс-шарасын өткізу барасында Түркістан қаласының базарларының бірінен контрафакт өнімдерін таратқан екі жәйтті анықтады. Екі таратушылардан тәртіп сақшылары 60-қа жуық пираттық бейне және аудио дискілерді тәркіледі.
Аталған жәйт ҚР ҚК-нің 198 «Авторлық және сабақтас құқықты бұзу» бабы бойынша СДТТА бойынша тіркеуге алынды.
Сарыағаш ауданың полицейлері аталған іс-шара барысында бір жәрменкенің маңайынан контрафактымен және оны таратумен айналысқан бір жергілікті тұрғынды анықтады. Жас жігіттен жедел іздестіру қызметкерлері 170 пираттық өнімге жататын видеодискаларды тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жәйт бойынша «Авторлық және сабақтас құқықтың бұзылуы» ҚР ҚК 198 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жедел профилактикалық «Конрафакт» іс-шарасының аясында Түркістан облысның Полициря департаменті полицейлері қаласы және аудандың полиция бөлімдерімен бірлесе отырып, осындай контрафактілік заңсыз өнімді таратқан 7 жәйтті айқындады. Заңсыз жөлмен сатылған 4000 ден астам пираттық бейне және аудиоөнімдері басылған DVD мен CD дискілер тәркіленді. Сондай-ақ полицейлер контрафактілер даярлайтын 3 жасырын цехты анықтады және 20 астам қарсы ұсталынған интернет-ресурсты бұғаттады.