Түркістан облысында балалар алаңшасы көбейіп жатыр

0
638

Балалар заманауи ойын алаңшасы салынуда.


Түркістан облысында балалар алаңшасы көбейіп жатыр

Төлеби ауданында тағы бір балалар алаңшасының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Қоғалы ауылдық округіне қарасты Диханкөл елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңшасы салынып жатыр. Құны 2 млн 980 мың теңгені құрайтын алаңшаның құрылысына аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырыс берген.


Қоғалы ауылдық округі былтырғы жылы аудан көлемінде ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше» «Үлгілі аула» байқауына қатысып, үшінші жүлделі орынға ие болған болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған көшелер балаларға арналған ойын алаңшасын салып беру сертификатын ұтып алды. Нәтижесінде Бәйтерек көшесінің балғындары заманауи ойын алаңшасының иегері атанды.


Таулы аймақта орналасқан Диханкөл елді мекенінің тұрғындары ойын алаңшасының құрылысын жүргізуге мұрындық болған аудан басшысына алғыстарын жеткізді.