Екі бағыттағы жұмыс тобының алғашқы кездесулері Шардара, Ордабасы аудандарында өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында құрылған «Достық мекені» кездесулер керуені жолға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында ұймдыстырылып отырған бұл кездесулер шалғай елді-мекендерде орналасқан шаруа-қожалықтарындағы, шағын кәсіпорындардағы өзге этнос өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Түркістан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан екі бағыттағы жұмыс тобының алғашқы кездесулері Шардара, Ордабасы аудандарында өтеді.
Ақпараттық-насихаттық топ облысымыздың барлық аудан, қалаларында 30-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.