​Түркістан облысында "Қауын фест" фестиваліне дайындық пысықталды

0
2 496

Түркістан облысында алғашқы рет "Қауын фест" фестивалі өтеді.


​Түркістан облысында

ERNUR.KZ.Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2018 жылдың тамыз айында облыстық "Қауын фест" фестивалі өтеді, деп жазады ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Жетісай ауданында дайындық жұмыстары басталды. Ауданға қарасты барлық ауыл, кент әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

"Түркістан облысында "Қауын фест" фестивалі алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Бұл өте жауапты да, маңызды шара. Фестивалде аудан шаруалары өздерінің барлық мүмкіндіктерін паш етуі тиіс. Сондықтан дайындық шараларына немқұрайлы қарауға болмайды"- деді Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев.
"Қауын фест" фестивалі облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылуда. Бұл іс-шара Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынып отыр.

Шараның мақсаты - тәттілігі тіл үйірер Мырзашөл қауыны мен қарбызын барынша насихаттап, аталған өнімдерді қайта өңдеу саласына бет бұру. Осы ретте Жетісай ауданында аудан әкімінің бастамасымен алдағы күндері "Қауыншылар қауымдастығы" құрылады. Енді жеке-жеке қам жасап, шашырап жүрген диқандар бір одаққа бірігіп, күрделі мәселелерді бірлесе шеше алады.