​Түркістан облысында күзетшіні атып кетті

0
1 320

Отырар ауданында банкоматты тонамақ болған қарақшыларға күзетші қарсылық көрсетті


​Түркістан облысында күзетшіні атып кетті

Иллюстрациялық фото: yarnovosti.ru

Түркістан облысы, Отырар ауданындағы қаржы мекемесіне қарулы шабуыл жасалды, деп жазады ERNUR.KZ Кtk.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Аудан орталығы Шәуілдір ауылының қазынашылық басқармасына түнгі сағат 3-тер шамасында кірген үшеу күзетшіні атып, банкомат тонамақ болған. Жалаң қол күзетші қарулы қаскөйлерге қарсылық танытып, арам ойлары жүзеге асыртпады. Бірақ өзі жараланып қалды.
Банкоматы бар, алайда не бақылау камерасы, не қарулы күзеті жоқ мекемеде 34 жастағы қарауыл ғана болған. Артқы есікті бұзып кірген үшеудің бірін сұлатып салған Әділхан Өсерге екіншісі травматикалық қарудан екі рет оқ атыпты. Содан соң қарақшылар оқиға орнынан ізін суытқан. Ал, жараланған күзетшіні оны ауыстыруға келген әріптесі таңсәріде ғана байқапты. Жарақаты жеңіл күзетші дәрігерлерге қаралып, тергеушілерге жауап беруде.

Бір қызығы, бұл мекемеде 5 жылдан бері тұрған банкомат ереже бойынша мүлдем болмауы тиіс екен. Енді 28 мың теңге жалақы үшін басын қатерге тігіп, қарулы қарақшыларға тойтарыс берген күзетшіні басшылары марапаттаймыз деп отыр. Ал ұрыларды тәртіп сақшылары іздестіруде.