​Түркістан облысында тұтастай бір отбасы иіс газдан уланып көз жұмды

0
2 571

Оқыс оқиға салдарынан 1986 жылы дүниеге келген ер адам, 1993 жылы туылған әйел азаматы, 2015 және 2016 жылғы екі бала көз жұмды.


​Түркістан облысында тұтастай бір отбасы иіс газдан уланып көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында тұтастай бір отбасы иіс газдан уланып көз жұмды, деп жазады Elitar.kz.

08 ақпан, 20:00

Газбен қамтамасыз ету ұйымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 ақпанда Қошқарата ауылдық округіндегі Бешкұбыр ауылында орын алған.

Оқыс оқиға салдарынан 1986 жылы дүниеге келген ер адам, 1993 жылы туылған әйел азаматы, 2015 және 2016 жылғы екі бала көз жұмды.

Төтенше жағдай орын алған үйге келген жедел жәрдем қызметкерлеріне отбасы мүшелерін аман алып қалу мүмкін болмады. Газ саласы мамандарына бұл жағдай туралы аудандық аурухананың дәрігері хабарлаған.

Иіс газ шыққан орынға барған мамандар түтін мұржасындағы ақауды анықтады.