Түркістан облысында ыдыс-аяқ ұрлаған ер адам ұсталды

0
1 439

Күдікті тұрғын-үйдің дарбазасының дұрыс құлыптанбағанын көріп, аулаға кіріп кеткен.


Түркістан облысында ыдыс-аяқ ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында ыдыс-аяқ ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ер азаматтың айтуынша таңғы уақытта белгісіз тұлға тұрғын-үйіне заңсыз кіріп, қонақ бөлмедегі шифонердің ішінен әрқайсысының құны 200 теңге тұратын 60 дана шыны кеселерін, одан бөлек ыдыс-аяқ жиынтығын жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 15 000 теңгеден асты.

Аталған жайт СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиға орнына Келес АПБ-нің қызметкерлері шұғыл жетіп, ұрыны ұстауға қажетті барлық іс-шараны атқарды. Көрген-білгендерден сұрастырып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды.

Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті өзінің бұрын жасаған қылмыстарынан оң нәтиже шығармай, қылмысты қайталаған. Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің көшесінен өтіп бара жатып, үйде ешкім жоқтығын байқап қалады.

Тұрғын-үйдің дарбазасының дұрыс құлыптанбағанын көріп, аулаға заңсыз кіріп, жәбірленушінің ыдыстарын ұрлап кеткен. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіге Келес аудандық сотымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.