Түркістан облысында жаңа автодром ашылды

0
1 057

Болашақ жүргізушілер B, C1 және D1 санаттары бойынша емтиханды тапсыра алады.


Түркістан облысында жаңа автодром ашылды

Түркістандық көлік жүргізушілері теориялық және тәжірибиелік емтиханды арнайы ХҚО-да тапсыра алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының көлік жүргізушілері теориялық және тәжірибиелік емтиханды арнайы ХҚО-да тапсыра алады. Жаңа автодром облыс орталығына іргелес орналасқан Сауран ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы Қазыбек би көшесі №51 (Экобазар маңы) мекен-жайында орналасқан. Түркістан облысының тұрғындары жаңа автодромның ашылуына орай куәліктерін өз аймақтарында алып, уақыттары мен қаржысын үнемдейді.


Алғашқы жұмыс күннен бастап жаңа автодром тәжірибелік емтихан тапсыратын қызмет алушыларды қабылдады. Кешеннің жалпы ауданы 1 гектар. Болашақ жүргізушілер B, C1 және D1 санаттары бойынша емтиханды тапсыра алады. Сондай-ақ, бүгінде автодромның меншігінде KIA Rio, LADA GRANTA маркалы 4 автокөлік және IVECO, FOTON сияқты микроавтобустар бар.


Енді Түркістан облысы бойынша емтихан тапсыратын екі бөлімше бар. Бұған дейін тұрғындар емтихан тапсыру үшін Шымкентке немесе басқа да көршілес облыстарға баруға мәжбүр еді. Бұл мәселені шешу үшін қазан айында Сарыағашта автодром ашылған.


Түркістан облысының арнайы ХҚО ғимаратында автокөлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және емтихан сыныбы бойынша операциялық залдар бар. Күту залында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылған. Онда кез келген тұрғын электрондық үкімет қызметтерін өз бетінше ала алады немесе мамандардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік қарастырылған.