Ленгір қаласын абаттандыру жұмыстарына 233 млн. теңге қаржы қаралған.
Төлеби ауданында ғимараттардың қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары қарқын алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен жылдан өтпелі бірқатар ауқымды жобалар жалғасын табуда. Ленгір қаласын абаттандыру жұмыстарына 233 млн. теңге қаржы қаралған.
Атап айтқанда, Ленгір қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды, және бірқатар көшелерді абаттандыру жұмыстарын аяқтауға аудандық бюджеттен қаражат қарастырылған. Шахта Тогус елдімекеніне ашық футбол және баскетбол алаңшалары мен стелла орнатылмақ.
Таскешу елдімекеніндегі және Астана көшесіндегі көпірді ағымдағы жөндеу көзделген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне арналған фронт-офис ашылмақ. Онда тұрғындар ішкі істер органдарына қатысты сауалдарына жауап алып, арыз-шағымдардың қаралуын қадағалай алады.
Ленгер-Алатау жолы бағытындағы Жаңаұйым елдімекенінен кіре берісте орналасқан бас қақпа жаңарып, Қосағаш ауылынан 2,1 шақырымға суағар (лоток) орнату көзделген.
Сонымен қатар, құны 2 млрд. теңге болатын Жоғарғы Қасқасу елдімекенінің 4,7 шқ., Кенесарық елдімекенінің орталық көшесін және Зертас елдімекеніндегі Шомшақты және Спатай-Андас көшелерін абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылды.
Аудандағы 5 ауылдық округте 11,6 шқ. аяқжол салу қарастырылуда. Оның ішінде Қаратөбе ауылдық округінің Майбұлақ елдімекені, Тасарық ауылдық округі Тасарық, Жамбыл елдімекендері, Аққұм ауылдық округіндегі Жаңаұйым елдімекені, Киелітас ауылдық округі, Киелітас, Жыланбұзған елдімекендері және Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени елдімекенінде кестеге сәйкес аяқжол төселеді.
Төлеби ауданының 6 елдімекенінде түнгі жарық орнатуға 95,7 млн. теңге қаралды. Аудан көлемінде және Ленгер қаласында 25 дана бейнебақылау орнатуға 74,4 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ленгер қаласының автобекет маңына және Көксәйек елдімекеніндегі аудандық ауруханасының жол бойына бағдаршам орнатуға 15,6 млн. теңге қаржы бөлінді.