Түркістан облысында жекпе-жек спортына қолдау артты

0
1 051

Аталған жауынгерлік өнер спортының дәрежесін көтеру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.


Түркістан облысында жекпе-жек спортына қолдау артты

Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов Сайрам және Төлеби аудандарына іс-сапармен барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-сапардың басты мақсаты — облыс көлемінде Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту, тәжірибелі жаттықтырушыларды жасақтау мен оларға әдістемелік көмек көрсету. Сондай-ақ, спортшылардың оқу-жаттығу шараларына қолдау білдіру және қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, облыстық, республикалық, Халықаралық жарыстарға баруға жағдай жасау.

Алдымен Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековпен жүздескен Дәурен Рахымұлы қауымдастықтың алдағы жоспарымен таныстырды. Аудан әкімі жауынгерлік жекпе-жек түрін дамытуда атсалысуға дайын екендігін жеткізді. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев та қауымдастық жұмысына сәттілік тілеп, әркез қолдау білдіруге дайын екенін атап өтті.

Қауымдастық басшысы Сайрамдағы кикбоксинг және Ленгір қаласында муайтайспортымен айналысатын спортшылармен жүздесті. Жоспарлы сапар «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті Президенті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Айта кету керек, Ассоциация құрамына 8 спорт түрі кіреді. Атап айтқанда, «ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек»,«Ушу Кунг-фу», «Муайтай», «KARATE», «Таеквандо ITF», «Кикбоксинг», «Самбо күресі, «Панкратион және греплинг» (AIGA нұсқасы) федерациялары. Аталған жауынгерлік өнер спортыныңдәрежесін көтеру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.