Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар толық жаңарады

0
1 556

«Гүлстан» кіреберіс автожолы жыл соңына дейін аяқталады.


Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар толық жаңарады

Облыс әкімі жолдарды жөндеу жұмыстарымен танысу үшін Мақтаарал, Жетісай аудандарына барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысу үшін Мақтаарал мен Жетісай аудандарында болды. Түркістан облысының оңтүстік аудандарындағы жолдардың жағдайы бір жылда 52 пайыздан 90 %-ға жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді.

«Шекара бойындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында бір миллионға жуық халық тұрады. Былтыр облыстың дамуының кешенді жоспарын дайындаған кезде осы аудандарға көбірек көңіл бөлеміз деп шешкенбіз. Содан бері халық көп шоғырланған бұл аудандарда үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Ең бірінші жол мәселесі. Былтырғы жылдың басында жолдың қанағаттанарлық жағдайы 52% болатын. Бір жылдың ішінде республикалық және жергілікті жолдар, ауыл арасындағы жолдар 90 пайыз жақсы сапаға жетті, деп айтуға болады. Екінші маңызды мәселе – инфрақұрылым. Халықты ауыз су, табиғи газбен қамту, кәріз жүйесі мен жылумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүйелі түрде жаңартылып жатыр. тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жоспарлы түрде жасалады», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында.

Биыл6 участкіге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған, қазіргі уақытта ұзындығы 88 шақырымға созылған 5 участкіде жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтсақ, А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш - Жібек Жолы» автожолының ұзындығы 63 км, Атакент кіреберісіндегі ұзындығы 11 шқ. «Самара-Шымкент» автожолдары күрделі және орташа жөндеуден өтті. Ұзындығы 22 шқ. «Гүлстан» кіреберіс автожолы жыл соңына дейін аяқталады.

Жалпы, Жетісай мен Мақтааралдағы 130 шақырым жол жөнделеді. Жыл соңына дейін «Үлгілі-Таубай ата» және «Ынталы-Фирдоуси» автомобиль жолдарында жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Ұзындығы 19,9 шақырымдық облыстық маңызы бар «Жетісай-Мақталы» бағытындағы автомобиль жолында жөндеу жұмыстары аяқталуға таяды. 2021 жылы аяқталатын жолдардың қатарында Шардара ауданынан бастау алатын КХ-8 автомобиль жолы да бар.

Өзбекстанның шекарасы мен Шардара, Арыс, Темірланға дейінгі аралықты жалғайтын бұл күре жолдың жартысы биыл, қалған жартысы, яғни Шардара ауданының Көксу ауылы мен Арыс қаласының арасын жалғайтын бөлігі келер жылы қолданысқа беріледі.