Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толды

0
1 152

Өмірзақ Шөкеев Түркістанның 2 жылдығымен құттықтады!


Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толды

Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды арнайы құттықтап, екі жылда еңсерілген жұмыстарға тоқталды.

Өңір басшысы өз сөзінде түгел түркі дүниесінің көшбасшысына айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы тарихи тағылымды Жарлығы Түркістанның түлеуіне ерекше серпін бергенін атап өтті. Содан бергі 2 жылда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артып келе жатқанын да тілге тиек етті.

«Осыдан тура екі жыл бұрын маусым айында Ұлы Түркістан даласында үлкен жаңалық болғаны белгілі. Қазақстанның ғана емес, мен Түркістан облысы құрылды. Елбасының арқасында түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы өңір орталығына айналды. Көреген көшбасшымызға ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеп, бүкіл түркістандықтар атынан шынайы Алғысымызды да жеткізгім келіп отыр. Тарихи өлшеммен қарасақ бұл өте қысқа уақыт, алайда атқарылған қыруар жұмыс нәтижесінде Түркістанның жаңа келбеті, жаңа болмысы қалыптасып келеді», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Ең басты мақсат – Түркістанды замануи қала ету, өмір сүруге ыңғайлы, жайлы ету. Осы бағытта киелі шаһар арқылы «Батыс Қытай –Батыс Европа» автожолы, темір жол өтеді, жыл соңына дейін іске қосылатын Халықаралық аэропорт – қаланың өсу потенциалын тағы да арттыратыны сөзсіз.

Бүгінде Түркістан қаласында алғашқы кезекте 175 нысанның құрылысы жоспарланса, соның 102-сі жыл аяғына қарай пайдалануға берілетін болады. Түркістанның туристтік, білім орталығы ретінде дамыту үшін арнайы Туризм және меймандостық универститеті ашылды, рухани-мәдени орталық ретінде дамыту үшін 2019 жылы 9 әлеуметтік нысан тапсырылса, биыл 20 нысан құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек.

Жаңадан қалыптасқан облыста жұмыс істеуге бүкіл республикадан мамандар келіп жатыр, оларды баспанамен қамту маңызды мәселенің бірі. 2019 жылы қалада 1128 отбасы жаңа пәтер иеленсе, бүгінгі күнге түрлі қаржыландыру көздері арқылы 6300 пәтерді құрайтын 136 көпқабатты үй құрылысы жалғасуда.

Соңғы 2 жылда Түркістан облысының экономикасына түрлі қаржы көздері бағытталды. Бір ғана Түркістан қаласына салынған инвестиция көлемі 160 млрд.теңгеден артты. Өңіріміз ауыл шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, спорт, инвестиция тарту және басқа салаларда да нақтылы ілгерілеушіліктерге жетті. Толымды табыстардан бөлек, Өмірзақ Естайұлы облыста соңғы жылдары бірқатар қиындықтар да орын алғанын жасырмады. Арыс жарылысы, Төлеби мен Мақтаарал ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл қиындықтарды бірге еңсеріп келе жатқан облыс жұртшылығына алғысын білдірген өңір басшысы түркістандықтарды жаңа тарихтың жазылуына үлес қосуға шақырды.