Түркістан облысының жаңа логотипіне арналған конкурс жеңімпазы анықталды

0
4 671


Түркістан облысының жаңа логотипіне арналған конкурс жеңімпазы анықталды

Түркістан облысының жаңа логотипіне ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебековтың мәліметінше, Түркістан облысының жаңа логотипіне ұйымдастырылған конкурсқа 50 автор өз жобаларын ұсынып, солардың ішінен 3 үздік жұмыс іріктеліп алынған (№50, №40, №11). Іріктелген жұмыстар дауысқа салынып, нәтижесінде 1-ші орынды №50 жұмыс еншілеген. Ол жұмыстың авторлары: Ж.Түймебаев, Е.Төлепбай, А.Жайлаубаев (Алматы қаласы). Ал, 2-ші орын алған №40 жұмыс, авторлары: М.Ердесова, А.Даулет, А.Садуакасова, Д.Төлепов (Шымкент қаласы). Сондай-ақ, жүлделі 3-ші орынды №11 жұмыс иеленген, авторы – Шымкенттік Ж.Бүркітбаев.

Айта кетейік, осының алдында 2018 жылдың 5 қыркүйек күні конкурс жарияланып, облыстық бюджеттен жүлде қорына 1,0 млн. теңге бөлінгенін жариялаған болатынбыз.