ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы Республикалық «JAS TALANT» байқауын өткізеді

0
777

Жеңімпаздар ЖОО гранттарына ие болады.


ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы Республикалық «JAS TALANT» байқауын өткізеді

«Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы ІІІ Республикалық «JAS TALANT» байқауын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы ІІІ Республикалық «JAS TALANT» онлайн байқауын өткізеді. Режиссерлік және актерлік қабілеттері бар дарынды жастарды анықтауға арналған бұл байқау мектеп бітіруші оқушылар мен колледж бітіруші студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өскелең ұрпақты көркем шығармашылық жанрға баулуға және еліміздегі жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған.


Бұл байқау Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттерімен өзара ынтымақтастық меморандум аясында өткізіледі.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау «Өнерлі жас», «Бармақтар», «Өлкетану», «Хареография», «Жас дарын», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Бейнелеу өнері», «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн» номинациялары бойынша жүзеге асырылады. Әр номинация бойынша үш жүлделі орын болады. Сайыс жеңімпаздары аталған ЖОО-лардың грантына ие болады.


Байқауға Республика көлеміндегі ережеге сай келетін кез-келген өнерпаз қатыса алады. Олар орта мектептер мен мектеп-лицейлердің 11 сынып оқитын оқушылары немесе бітіруші колледж студенттері болуы қажет. Конкурс қатысушыларының қолөнертуындылары мен бұйымдары «Оқушылар сарайы» ғимаратына табысталады. Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2023 жылдың 10 мамырына дейін jastalant2022@gmail.com электрондық почтасына жолдануы қажет.


Мекен-жайы: Түркістан қаласы, 162 квартал, 387 телім. Қосымша ақпарат алу үшін +7 747 937 17 54 (Дощан Асел Бауыржанқызы) нөміріне хабарласуға болады.