Түркістан өңірінің жас түлегі ITF Juniors додасында чемпион атанды

0
569

Қазақстанның намысын қорғаған 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.


Түркістан өңірінің жас түлегі ITF Juniors додасында чемпион атанды

Словакияда үлкен теннистен ITF Juniors халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Словакияда үлкен теннистен ITF Juniors халықаралық турнирі аяқталды. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы додада Қазақстанның намысын қорғаған 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.


Ол сайыстың финалында жергілікті спортшы Даниел Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді. Ал финалға дейін Словакия, Украина, Германия спортшыларынан басым түскен болатын. Өзінен жасы үлкен спортшыларды да жеңген Заңғардың бұл жетістігін мамандар жоғары бағалап отыр. 4 жасынан бастап теннис ракеткасын қолға ұстаған жас өреннен ел үміт күтеді.