ТҮРКІСТАН: Ордабасыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

0
1 512

Ордабасы ауданында Түркістан облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жиын өткізді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Ордабасылық төтеншеліктерге жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы, Ордабасы ауданына арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас аманы Гүлмира Төлегенқызы ауданға қарасты Төтенше Жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесіп, жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында Гүлмира Төлегенқызы қоғам індетімен қарқынды күресу - баянды болашаққа бастайтынын алға тартып, ұжым қызметкерлерін жемқорлық індетіне қарсы тұруға шақырды.

Ел іргесінің бекем болуы үшін қоғамда ашықтық, адалдық, әділдік қағидаттарының белең алуы тиіс екендігін тілге тиек етіп, жиынға қатысушыларды мемлекетке қауіп төндіретін кеселден алшақ болуға дәріптеді. Мемлекеттің қоғам індетімен күресуге айрықша көңіл бөліп отырғандығын жеткізіп, заңнамалық құжаттарға талдау жасады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері, құқықбұзушылықтар байқалған жағдайда тәулік бойы қызмет ететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін ескертіп, жемқорлыққа теріс көзқарас қалыптастыратын арнайы бейнероликті қатысушылар назарына ұсынды.