ТҮРКІСТАН: Прокуратура 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғап, 42 лауазымды тұлғаны жауапқа тартқан

0
541

Бизнесті қорғау бағыты облыс прокуратурасының бақылауында болмақ.


ТҮРКІСТАН: Прокуратура 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғап, 42 лауазымды тұлғаны жауапқа тартқан

Түркістан облысының прокуроры ірі кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысының прокуроры М.Тлеубердиев «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері және ірі кәсіпкерлермен кездесті. Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлар қатысты.


Күн тәртібі бойынша бизнесті қорғау бағытындағы прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері мен алдағы міндеттері тыңдалып, өңіріміздегі бизнес-климаттың ахуалы талқыланды.


Жиын барысында белгілі болғандай, 2023 жылдың 5 айында облыстың прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 42 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылған. Одан бөлек, 7 заңсыз тексеру фактісі анықталып, 100-ден астам әкімшілік істердің күші жойылған.


Еске сала кетсек, мемлекет басшысы прокуратура органдарына инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл прокурорлық қадағалаудың жаңа бағыты.


Осыған орай «ECOCULTURE-EURASIA» және «Саутс-Ойл» ЖШС басшыларының инвестициялық жобалары қаралды.


Жиынның қорытындысы бойынша Түркістан облысының прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Енді бизнесті қорғау бағыты облыс прокуратурасының бақылауында болмақ.