ТҮРКІСТАН: Сайрамдық тұрғын таңғы сағат жетіде той өткізбек болған

0
498

Той жасаудан тартынбайтын тұрғындардың қатары сиремей отыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық тұрғын таңғы сағат жетіде той өткізбек болған

Сайрам ауданында той жасау тоқтамай жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі Мырза баба көшесінің Т.Р. есімді тұрғыны 150 адамға "Ұзату тойын" жасамақ болған. Бірақ, оқиға орнына барған аудандық мобильді топ пен тәртіп сақшылар тойдың басталмауына себеп болып, той иелеріне тиісті шара қолданды. Аудандық баспасөз қызметінің айтуынша, карантин тәртібі күшейсе де, той жасаудан тартынбайтын тұрғындардың қатары сиремей отыр.


«Көпшілік іс шаралар егде жастағы азаматтар үшін аса қауіпті екенін ұмытпауымыз керек. Қарттар мен балаларды барынша қорғауға тиіспіз. Ағымдағы эпидемиялық жағдайды ескере келе инфекцияның өршуіне жол бермеуге және қарқындылығын төмендетуге бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, түрлі отбасылық іс-шаралардан бас тарту аурудан аулақ болудың бірден-бір жолы. Әр азамат өз жанұясына жауапкершілікпен қарауға тиіс. Себебі инфекция ойнайтын зат емес. Індеттің алғашқы толқыны қаншама жанның өмірін жалмады. Содан сабақ алып, жақындарымызға қорған болуымыз керек», - делінген баспасөз қызметінің үндеуінде.