Аю темір тордың ішінде болған.
Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекеніндегі мал базары аумағынан темір тордағы аю табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нің фейсбуктағы парақшасына сілтеме жасап.
Осы жылдың 3 ақпанында Сайрам АІІБ-не «102» сымтетігі арқылы Б.Д. есімді азамат хабарласып, Қарабұлақ ауылында орналасқан мал базарының аумағында аюдың темір торда тұрғанын хабарлаған. Келіп түскен хабарлама бойынша Сайрам АІІБ-нің табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында, жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 болатын темір торлың ішінде ақшыл-қоңыр түсті жабайы аюдың тұрғаны анықталған.
Осы факт бойынша материалдар Түркістан облысы Сайрам ауданының АІІБ-не тапсырып, ҚР ҚПК-нің 179 баптарына сәйкес, 04.02.2019 ж. СТБТ-не тіркелді, делінген және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нің парақшасында.