ТҮРКІСТАН: Сақтық шаралары әкімнің тікелей бақылауында

0
1 032

Әкімдік жанынан құрылған мобильдік топ рейд жүргізіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сақтық шаралары әкімнің тікелей бақылауында

Арыстағы сақтық шаралары қала әкімінің тікелей бақылауында, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек карантин талаптарының орындалуын бақылау бойынша сауда орталықтары мен базар аумағында зерделеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Кезекті рейд кезінде қала басшысы тұрғындарға қауіпті жұқпалы вирустан сақтанудың жолы – үйден шықпай, жеке бастың гигиенасын сақтау екенін айтып, көшеде топтасып жүрмеуге шақырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қорғаныш құралдарын қолданып, қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау керектігін ескертіп, карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатындығы жөнінде және сақтық шаралары жеке бақылауында екенін жеткізді.

Сондай-ақ, сovid-19 инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Арыс қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ рейд жүргізіп жатыр. Арнайы іс-шара барысында сауда орындары, базарлар мен азық-түлік дүкендерінде санитариялық талаптардың қатаң орындалуын қадағалап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуі ескертілді.

Мобильдік топ осы шара аясында карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту беріп, аталған бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.