ТҮРКІСТАН: Санитарлық талапты сақтамағандарға айыппұл салынды

0
871

10 лауазымды тұлғаға хаттамалар толтырылып 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Санитарлық талапты сақтамағандарға айыппұл салынды

Түркістан облысында санитарлық талапты сақтамағандарға 100 миллионға жуықайыппұлсалынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 5 шілдемен 1 қыркүйек аралығында53 мобильді топтарменТүркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқармамамандарымен бірлесіп, карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстары жүргізілді.

Мобильді топтарменжүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 19 489 нысан араланып, карантин талаптарын бұзған2181 нысан анықталды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 2097-жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде, 67 жеке кәсіпкерге, 7 заңды тұлғаға, 10 лауазымды тұлғағахаттамалартолтырылып230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2181 хаттама толтырылып, 114 млн217 470 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 86 млн985 960 теңгесі өндірілді. Егер 7күн ішінде айыппұлды өтейтінболса 50 пайызы ғана төленеді.

Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 41 беташар, 6 келін түсіру, 23 қыз ұзату,5 құдайы тамақ, 16 құдалық, 5 бесік той, 2 тұсау кесер сүндет той, 10 ұжымдық жиын,жалпы108 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылған.

Сонымен қатар, Түркістан облысыбойынша 1 қыркүйекке дейін қызметін қайта бастауға InfoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуғааталған порталға27 410өтінішкеліп түскен. Соның ішінде 23 617 нысанға хабарлама беру арқылы рұқсат берілсе, 165 нысанды көріп тексеру арқылы рұқсат берілген. 1220 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған және 75 нысан қаралуда.