ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шомылатын орын жоқ жерлерге бассейн орнатылып жатыр

0
444

Негізгі мақсаты – шомылу маусымында балалардың суға кету қаупін азайту.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шомылатын орын жоқ жерлерге бассейн орнатылып жатыр

Сарыағаш ауданында модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде арнайы және ресми шомылатын орны жоқ елді мекендерге модульді-каркасты бассейндерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін заң аясында қарастыруды аудан, қала әкімдеріне тапсырған болатын.


Модульді-каркасты бассейндерді орнатудың негізгі мақсаты – шомылу маусымында балалардың суға кету қаупін азайту және уақыттарын тиімді өткізуге үлес қосу.


Осы орайда, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы модульді-каркасты бассейндер орнатуды жүктеген болатын.


Бүгінде аталған тапсырма орындалып, аудан аумағындағы Құркелес және Дербісек ауылдық округтерінде демеушілер есебінен модульді-каркасты бассейндер орнатылды, бүгінгі таңда балалар шомылып жатыр.


Алдағы уақытта аудан аумағындағы ауылдық округтерге де аталған бассейндерді орнату жоспарланып отыр. Бұл ретте бизнес өкілдерімен қажетті түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.