Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сарыағаш ауданында ерікті жастардың саны артып келе жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған «АДАЛ КӨМЕК» еріктілер клубы аудан аумағында түрлі шараларға ұйытқы болып жүр. «Адал көмек» еріктілер клубы студенттерден, оқушылардан және жұмысшы жастардан құралған. Сонымен қатар, 2021 жылы Құркелес, Қапланбек және Жібек жолы ауылдық округтерінде еріктілер клубтары құрылып, олардың саны арта түсті. Алдағы уақытта аудандағы ауылдық округтерде де еріктілер клубтары құрылады.
Сарыағаштық еріктілер бүгінгі таңда «Қайырымдылық жастардың қағидасы», «Еріктілер ардагермен бірге», «Ардагерлерді ардақтайық», «Асыл мұра», «Таза әлем» «Жемқорлыққа жол жоқ» «Қоғамдық орынды құрметте» т.б. жобалар аясында түрлі іс-шаралар атқарып жатыр. Аудандағы еріктілер «Гүлденген Түркістан» жобасы аясында аудан аумағына 2000-ға жуық шырша және қара ағаш көшеттерін егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізген.